17
октябрь
2022
“Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ”
17.10.2022жылы №16 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы "Мейірім" шағын орталығында ата-ана мен баланың қарым –қатынасын, отбасындағы жарастық пен өзара түсінушілік орнату, ата-ананың бала өмірінде қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын ұғындыру мақсатында шағын орталық психологі Т.Мухамеджан ата-аналармен “Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында "Мен сен сияқтымын", "Қарындаштар", "Лимон,шыбын,марғау" ойын жаттығулары жүргізіліп, "Сіз қандай ата-анасыз?" тақырыбында сауалнама алынды. Тренинг соңында ата-аналармен "Жылы жүрек" кері байланысы орнатылды.