23
февраль
2022
"Тәрбиешінің балаларға эмоционалды қарым-қатынасы" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
"Мейірім" шағын орталығында тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынас және тәрбиенің маңыздылығын ұғындыру, қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру мақсатында психолог Т.Мухамеджан шағын орталық тәрбиешілерімен "Тәрбиешінің балаларға эмоционалды қарым-қатынасы" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Iс-шара барысында баяндама оқылып, қатысушылар "Көңіл-күй түсі" ойыны, "Мен сізден үйренемін", "Есте қалған қызықты бір оқиға" жаттығулары, "Ситуациялық жағдайлар" мен "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" айдарында логикалық сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысты. Тренинг соңында "Жарқыра менің жұлдызым" әдісі арқылы кері байланыс алынып, "Сиқырлы қобдиша" рефлексиясы өткізілді.