09
октябрь
2021
«Мамандығым-мақтанышым»
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде «кәсіптік бағдар беру» жұмыстары бойынша іс-шараларды жандандыру қажет екеніндігін ескере келе, 9-11 сынып білім алушыларына болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту мақсатында бағдарлау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында мектеп психологі А.Байназарова білім алушылардан сауалнама алып, тренинг өткізді. Арнайы келген қонақтардан білім алушылар өздеріне қажеттi ақпараттар алып, кері байланыс жүргізу арқылы алғыстарын білдірді.