07
февраль
2023
«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында
2023 жылдың 7 ақпан күні «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып білім алушылар арасында Меркі аудан прокуратурасының аға прокуроры Игенбекова Сауле Түзелбекқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сауле Абдибаевна, АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Дауренбеков Бектас Бисенбайұлы, "Ұшқын" жастар денсаулық орталығының психологы Метеркулова Аяулым Нұрланқызының қатысуымен "Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы-құқықтық тәрбие " тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында, алғашқы сөзді мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметовна алып, қонақтарды таныстырып өтті. Мамандар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында заңнамалық-нормалар, құқық бұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.Кездесу соңында «Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша Меркі аудан прокуратурасы әзірлеген жадынамалар таратылды.