27
сентябрь
2022
11 сынып білім алушыларына ҰБТ -2023-тен бастап енгізілген тест тапсырмаларының құрылымындағы өзгерістер туралы өткізілген жиналыс қорытындысы туралы
Мектебімізде қықүйек айының 27 жұлдызында мектеп бітіруші түлектермен, ата-ана қауымына ақпараттық түсіндірме жұмытарын жүргізу мақсатында Меркі ауданы бойынша ҰБТ орталығының кураторы Г.Сакыпбек № 5,16 мектеп бітіруші түлектері және ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Тоқтарбекұлының келер жылғы ҰБТ- дағы Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндері бойынша өзгерістер енгізілгендігін атап өтті. Кездесу барысында білім алушылар мен ата-аналарға енгізілген тест тапсырмаларының құрылымындағы өзгерістер мен ережелері туралы ақпарат беріліп, Ғылым және жоғары білім министірлігінің шешімі бойынша келер жылы барлық талапкерлерге негізгі ҰБТ –ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар екендігі туралы түсіндіріп өтті. Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, сынып жетекшілер тарапынан толғандырып жүрген сұрақтар қойып,толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында түлектерге ҰБТ-ға жан-жақты дайындық жасағанда ғана жоғары нәтиже болатындығын айтып, сәттілік тіледі.