Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
22
апрель
2022

Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

22 сәуір 2022 жылы мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс  өткізілді. 
Мектепте мерекелік іс-шаралар өткізу мақсатында заңсыз қаражат жинауға, 25 мамыр күні мектеп бітірушілерге соңғы қоңырау салтанатты жиыны мен жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кезінде тыйым салынатыны қатаң ескертілді. 
Мектеп бітіру  кеште неге рұқсат етілмейді:❌
✔️ аниматорларды;
✔️    баннер жасату;✔️ мерекелік шараларға жеке 
✔️студияларды шақыруға; 
✔️ мерекелік дастархан (фуршет) ұйымдастыруға; 
✔️ ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға;
✔️    автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;мұғалімдерге сыйлық алу үшін  заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
25 мамыр күні мектеп бітірушілерге соңғы қоңырау салтанатты жиыны мен жалпы орта білім туралы аттестатын тапсыру кезінде тәулік бойы баласының өмірі мен денсаулық қауіпсіздігінің шарттарын, ата-аналардың рұқсатынсыз ауыл, қала сыртына экскурсия немесе жорыққа шығуына, таңды қарсы алуға, өрт қаупі жағдайларында, жолда және қоғамдық жерлерде тәртіп бұзуға, түлектердің автокөліктердің шеру қызметін заңсыз пайдалануға түлектердің ата-аналарына жол бермеуіне және бұл іс-шараларды ұйымдастырудың  қажетсіз екендігі туралы түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп,  жиналыс соңында ата-аналардан қолхат алынды.
Жоғарыдағы мәселелерге байланысты  ата-аналарға  мектепте ақша жинау мәселелерін тоқтату, жемқорлық көріністеріне жол бермеу, ақша жинауды ұйымдастыратын ата-аналарды анықтап, жиналған қаржыны қайтару жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертілді. Аталған мәселе бойынша мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, мектеп мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.