11
февраль
2022
"Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" атты әкелермен кездесу өткізілді.
2022 жылы ақпан айының 11 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде, "Берекелі шаңырақ" жобасы аясында білім алушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру мақсатында "Ұл бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" атты әкелермен кездесу өткізілді. Іс-шараны мектеп директоры Муратова Гүлжамал Алметқызы ашып, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды қажет екенін айтып өтті. Іс-шара барысында әкелер қызықты сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайдан шыға білді. "Әке, бір сағат уақытыңды бөлші" бейнеролигі көрсетіліп, ауыл ақсақалдары А.Тайров, М.Рахишев әкенің бала өміріндегі алатын орны мен жауапкершілігі туралы ақыл кеңестерін айтты. Мектеп психологы А.Байназарова "Отбасы жылылық ұясы" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында "Бес саусақ" сәлемдесу жаттығуы, "Балама қандай жылулық беремін" жаттығуы, "Ішіндегіні тап" ойындары ойнатылды. Тағылымы мол кездесуде білім алушылар әкелер құрметіне "Әке туралы" монолог оқып, әкелерге арнап ән шырқады.
Баланың әкеге деген ішкі ойын білу мақсатында ұл балалардан ашық хат алынып, әкелерге үзінді оқып берілді. Шара соңында ауыл ақсақалдары "Әкелер кеңесінің" жұмысын жандандыру керек екенін айтып, алғыстарын білдірді.
Баланың әкеге деген ішкі ойын білу мақсатында ұл балалардан ашық хат алынып, әкелерге үзінді оқып берілді. Шара соңында ауыл ақсақалдары "Әкелер кеңесінің" жұмысын жандандыру керек екенін айтып, алғыстарын білдірді.