19
октябрь
2020
"Мамандығым-мақтанышым"
№16 жалпы білім беретін мектебінде 15 қазан күні мектеп психологтары Байназарова А.С, Мухамеджан Т. М 9 сынып білім алушыларымен "Мамандығым-мақтанышым" атты тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу кешіне мектебіміздің түлегі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Коркмазов Руслан, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асилова Нұржамал келіп қатысты. Кездесу кешінің мақсаты-мамандық таңдау алдында тұрған білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу, оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Кездесу кешіне келген мектеп түлегіне, мектеп психологтары алғысын айта отырып, кездесу кешін тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтады: «Отанның болашағы жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».