Оқушыларға » Страница 54 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада
22
октябрь
2021
Республикалық олимпиада
22.10.2021ж 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада математика, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, жаратылыстану, Қазақстан тарихы пәндері бойынша мектепішілік кезеңі өткізіліп, аудандық кезеңге өткен оқушылар іріктелді.
"20 минут  кітап оқу"
21
октябрь
2021
"20 минут кітап оқу"
№16 жалпы орта  білім беретін мектеп кітапханасында " оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "20 минут  кітап оқу"  оқу сағаты жақсы жолға қойылды.  Үзіліс кезінде оқушылар кітап оқу арқылы  өздерінің рухани  жағынан байытуға арнайды.
"Буллинг пен кибербуллингтен қорғау"
20
октябрь
2021
"Буллинг пен кибербуллингтен қорғау"
20.10.2021 жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 18 мамырдағы XXX отырысында берілген тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан 8-11 сынып білім алушыларымен "Буллинг пен кибербуллингтен қорғау" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
"Қош келдің, алтын күз"
20
октябрь
2021
"Қош келдің, алтын күз"
"Балдырған " ересек жас тобының бүлдіршіндері Республикалық "Қош келдің, алтын күз" атты шеберлікті дамыту өнер байқауына қатысып l дәрежелі дипломмен және  жетекші тәрбиешісі Нурмаханбетова Раушан Жексеновна құрмет граматасымен марапатталды
"Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны"
20
октябрь
2021
"Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны"
№16 ЖОББМ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу,  насихаттау бойынша ДТІЖО Совет Серікболсын "Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны"  атты тақырыпта акция ұйымдастырып,  мектебіміздің білім алушыларына мемлекетіміздің рәміздерінің орны мен дәрежесін түсіндіріп,  қаншалықты қымбат дүние екенін көрсетіп берді.
"Құрақтың түрленуі"
18
октябрь
2021
"Құрақтың түрленуі"
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі - түсті ою - өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым - қатынасын, көңіл - күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау
"Оқуға құштар   мектеп"
16
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп"
Оқу-біздің балаларымыздың білімін,тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы.#16 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын  тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар   мектеп"жобасы бойынша білім алушылар әлем әдебиетімен, сонымен қатар  ұялы телефондарға жүктеп алған программаларымен мобильді кітапхана арқылы өз таңдаулары бойынша қалаған кітаптарын кез-келген уақытта оқи алады.
"Бақытты балалық шақ"
16
октябрь
2021
"Бақытты балалық шақ"
2021жылы 15 қазан күні сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамыту мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде бейнелеу пәні мұғалімі А.Туменбаеваның ұйымдастыруымен  5а,5б сынып білім алушылары арасында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Нәтижесінде бас жүлдені Көшербей Мейіржан, I орын Кикинадзе Сабрина, II орын Ширинов Ибрагим, III орын Қайырбек Парасат иеленді.
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері  Қасым Аманжолов  110 жыл
14
октябрь
2021
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов 110 жыл
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері  Қасым Аманжолов  110 жыл.  Қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін сараптамай білуге үйрете отырып, мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Поэзиялық шығармаларды оқытуға оқушылардың  ынта-жігерлерін арттыру.  Орындаған мектеп кітапханашы  Ибрагим Ж.
№16 ЖОББМ ұлдарымен жиналыс
13
октябрь
2021
№16 ЖОББМ ұлдарымен жиналыс
2021жылы қазанның 12 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырованың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптың ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста электронды темекінің ағзаға тигізетін кері әсері және  туындайтын ауру түрлері  айтылып, зиянды әдеттерден  аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігі туралы түсіндіріліп, айтылды.