Бала қауіпсіздігі – басты назарда!

Мектепте білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын таңертеңгілік қабылдау жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Мектеп әкімшілігі мен кезекші мұғалімдер білім алушыларды мектеп ауласында күтіп алып, олардың сабаққа уақытылы келуін, сыртқы келбеті мен мектеп формасына сәйкестігін қадағалауда.
Бұл шара – оқушылардың мектепке алаңсыз келуін, қауіпсіз ортада сапалы білім алуын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.