05.09.2025 ж оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтау, депрессия белгілерінің бар-жоғын, ауырлық дәрежесін, психологиялық көмек қажеттілігін бағалау мақсатында 6-11 сыныптармен А.Бектің «Үмітсіздік шкаласы» жүргізілді.
Мектеп оқушыларының тамақтануы мен сапасын ұйымдастыруды бақылау мақсатында мектепте құрылған бракераж комиссиясы асхана жұмысына бақылау жүргізді. Жұмыс барысында, ас мәзірі бойынша тамақтың сапасына, оқушылардың уақытылы тамақтануына, аспаздардың жеке құжаттарына, күнделікті тұтынатын ыдыстарына, асхана тазалығына назар аударылды. Аталған комиссия тұрақты түрде бақылау жүргізіп отыратын болады.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызыметін ұйымдастыру мақсатында 5 «А» 6 «А» сыныбының ата-аналарымен «Қауыпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында №1 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында бір-бірімізді жақсырақ танып білуге көмектесетін «бәрімізге тән нәрсе », «тыныштық тынысы» және «мен балама қалай көмектесе аламын» практикалық жаттығуы орындалды
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызыметін ұйымдастыру мақсатында 10«А»,10«Б» сыныптарының ата-аналарымен «Қауыпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында №1 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналармен «Аялы алақан », «жүрек жылуы» және «менің балам қандай?» тренинг жаттығулары орындалды!