18
октябрь
2021
"Құрақтың түрленуі"
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі - түсті ою - өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым - қатынасын, көңіл - күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла бермек. Білім алушыларымызға бүгінгі сабағымызда "Құрақтың түрленуі" тақырыбында сабағымыз өтіп. Құрақтың тарихы, түрлері мен түрленуі туралы көптеген ақпараттар алынды.