11
декабрь
2023
«Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жж)» тақырыбында ашық сабақ
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсанның 11 күні Ағылшын, тарих пәндері бірлестігінің айлық іс-шаралар барысында ашық сабақтар тізбегі бойынша 8 "А" сынып білім алушыларымен қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жж)» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының салдарын ашу. Сабаққа тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандармен тәжірибелі ұстаздар қатысып, сабақтың өтілу кезеңдері талқыланды. Сабақ барысында "flippity net","qazmath" платформаларын, "Кинометафора"," Т кестесі", "Фишбоун" әдістерін тиімді қолданды. Білім алушылар сабақта өзара, жұптық, топтық тапсырмаларымен жұмыс жасады.
Пән мұғалімі: Бірәлі Нұрғалым Мұхамеджанұлы