27
январь
2021
“ Жаңа білімге жаңа көзқарас”
6 Жалпы білім беретін мектебінде “ Жаңа білімге жаңа көзқарас” тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің айлығы барысында жоспарға сәйкес 4 “ А” сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен “ Барыс септігі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты : белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын ,стилін салыстырып, ұқсастары мен айырмашылықтарын анықтау.Пән мұғалімі сабаққа түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана білді. Сабақта ұжымдық , жеке, тақтамен және ауызша ойын түріндегі тапсырмалар орындалды. Сабақ мақсатына жету үшін білім алушылар барынша тырысты. Сынып жетекшісі: Сүлейманқұл С.Қ