09
декабрь
2021
"Тыныс алу және тыныс шығару механизмі" тақырыбында ашық сабақ өткізді
№16 жалпы орта білім беретін мектебінің жаратылыстану- математика бірлестігінің айлығы аясында, биология пәні мұғалімі Рахишова Гулнара Аманкуловна 8"а" сыныбында "Тыныс алу және тыныс шығару механизмі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабақтың мақсатына жету үшін нақты, қолжетімді бағалау критерийлерін анықтап, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,"Әуедегі шар"әдісі,Миға шабуыл "Бейнежазба",топтық жұмыс "Жаңа дизайн"әдісі арқылы практикалық жұмыс жасады. "Көршіңмен сырлас", "Еркін талқылау","Pisa тапсырмасы" ,"Саралау тапсырмалары",Кері байланыс "Vak" тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланды.Білім алушылар сабақта жұптық, топтық, жеке тапсырмалар орындап, белсенді қатысты.