07
октябрь
2022
"Жастарды қылмысқа итермелейтін не?"
07.10.2022ж.күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың пікірін білу, талқыға салу, қылмыстың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жасау керек деген мәселелерді ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру мақсатында 9-10 сынып білім алушыларымен "Жастарды қылмысқа итермелейтін не?" тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Білім алушыларға жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларының себебі неде?Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар? деген сұрақтарға өзара пікір алмасты.Іс-шара барысында білім алушылар қазіргі таңда жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін ол, зиянды заттар екенін, отбасындағы ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмау салдарынан екенін айтты. Сондай-ақ, жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарды көптеп жасауына ықпал ететін бейнефильмдер мен ғаламтордың зияндығы екенін жеткізді.
Жауапты: Тарих пәні мұғалімі Қ.Биғазиев
Жауапты: Тарих пәні мұғалімі Қ.Биғазиев