18
март
2021
"Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің "Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында кезекті адалдық сағаты ұйымдастырылып өткізілді.Адалдық сағатына төбе би-Төле бидің ғибратты ғұмырымен өсиеті, адалдық құндылықтарының мағлұмат беріліп айтылды.Төле бидің "Тура биде туыс жоқ, туғанды биде иман жоқ","Бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ" деген өмірлік ұстанымы мен парасаттылық, даналығы қазіргі жас ұрпақты білімді, зейінді, тәрбиелі, парасатты болып тәрбиеленуі ел үшін айрықша екені анық.Қазіргі заманда да төбе би-Төле бидің қалдырған мұралары өз құндылығын жоғалтпай, айтқан тұшымды ойлары мен шешендігі, әділдігі, оның бойындағы рухани құндылықтары, жас жеткіншек үшін маңызын жоймайтыны хақ! Әр адалдық сағатының жас ұрпақ үшін берер тағлымы мен тәрбиелік маңызы зор болмақ.