26
февраль
2021
С.Торайғыров адалдық сағаты
Халқымыздың ұлы перзенті, өзінің аз ғұмырында өр тұлғалық қасиетімен ерекшеленіп, ел келешегінің баянды болуын арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұматтар алды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ағартушы демократ, аса көрнекті ақын, жазушы, публицист С.Торайғыров өз заманының мәнді де көкейтесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын қоғам мен адам өміріндегі шындықты арқау еткен шығармаларында қалдырған. Оның шығармалары адалдық пен адамгершілік үлгісі болып табылады. Осы мақсатта адалдық сағаты өткізілді.