09
декабрь
2025
6-11 сынып білім алушыларымен мектеп инспекторы Е.Тупеков пиротехникалық құралдарды қолдану ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
✅2025 жылы 9 желтоқсан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-11 сынып білім алушыларымен мектеп инспекторы Е.Тупеков пиротехникалық құралдарды қолдану ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында инспектор оқушыларға пиротехниканың қауіптілігі, дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайтын жарақаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, заң талаптары, кәмелетке толмағандардың пиротехниканы сатып алуына және қолдануына қатысты шектеулер түсіндірілді.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, белгіленбеген орындарда пиротехниканы қолданбау, жарылғыш заттарды қолданған кезде үлкендердің бақылауынсыз әрекет жасамау жөнінде нақты нұсқаулықтар берілді.
Іс-шараның мақсаты — қысқы мереке күндері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақат алудың алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.[media=

]