21
декабрь
2020
Пиротехникалық заттарды пайдаланудың қауіптілігі.
№16 жалпы білім беретін мектебінде желтоқсан айының 21-де 1-11 сынып білім алушылары арасында мектеп инспекторы Е.Тупеков пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова жаңа жылдық мереке күндері және жалпы қысқы уақытта белең алып жатқан пиротехникалық заттарды пайдаланудың қауіптілігі мен зардаптары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ дүкендерге рейдтік іс-шаралар жүргізіп, дүкен меңгерушілеріне кәмелетке толмаған жасөспірімдерге пиротехникалық заттарды сатуға болмайтындығы жайында, сатылған жағдайда заң аясында жауапқа тартылатындығы жайында ескерту берілді,