25
декабрь
2023
Құқық қорғау органдарымен бірлескен жиналысы өткізілді.
25. 12.2023ж. күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде құқық қорғау органдарымен бірлескен жиналысы өткізілді. Жиналысқа Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Е.Тупеков қатысты. Жиналыста мереке және қысқы демалыс күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу, пиротехникалық заттарды пайдаланудың қауіптілігі мен зардаптары, ашық мұз айдындарында және тау бөктерінде сырғанау кезінде білім алушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертілді. Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрмеу, тойханалар мен мейрамханаларда даяршы болып жұмыс істеулеріне жол берілмейтіндігі туралы айтылды.