25
декабрь
2023
«Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында кездесу өткізді.
25.12.2023 жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-11 сынып қыздарымен қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіру мақсатында мектеп психологі А,Байназарова, мектеп медбикесі Ф,Ракишева «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге кеңестер айтылып, жеке бас гигиенасын сақтап, салауатты өмір салтын ұстану, репродуктивті денсаулықтың маңызын айтып өтті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кері байланыс жүргізді.