15
февраль
2023
«Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы бұйрығымен таныстырды
2023 жылы 15 ақпан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №03-625 хатына және Меркі білім бөлімінің №165 хатына сәйкес, мектепте қауіпсіз шараларын күшейту, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметовна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен бекітілген «Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы бұйрығымен таныстырып, білім алушыларға өздерімен бірге тыйым салынған заттарды алып жүрмеулері туралы, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына жол берілмейтіндігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.