05
февраль
2025
«Құқық бұзушылық, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті.



Кездесудің мақсаты – білім алушыларға құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру, құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заңды құрметтеу, тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман тұлғасына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Іс-шараға мектеп директоры Мажибаев Жандар Женисбекулы, Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Беркімбекова Бану Жеңісқызы, Меркі АПБ бастығының орынбасары Байтемиров Бейбит Рахымбердиевич, Меркі АПБ КПБ бастығы полиция майоры Абдрашов Талғат Қанжарбекұлы, Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Тупеков Еркебулан Аяпбергенович, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі қылмыстары, алаяқтық фактілері мен жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша да сөз қозғалды. Жиында полиция қызметкері жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы Абдрашов Талғат Қанжарбекұлы ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы және шылымнан, алкогольдік ішімдіктерден аулақ болу туралы айтып, ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалатынын түсіндіріп, толық мағлұмат беріп өтті. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.




