04
май
2024
“Жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу тақырыбында семинар-кеңесі
4.05.2024жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушыларға “Жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу тақырыбында семинар-кеңестер, ата- аналарға “буллинг”, “кибербуллинг”, “моббинг” терминдерінің мағынасы, қазіргі жағдайда отбасыларда жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы, әлеуметтік желілерге тіркелуін, кімдермен қарым-қатынас жасайтынын үнемі басты назарда ұстау қажеттігі туралы ескерту ақпараттарын беру мақсатында 5-11 сынып ата-аналарына біріңғай кеңес беру күні ұйымдастырылды. Барысында ата-аналарға буллинг, кибербуллинг, моббинг, әлімжеттік терминдерімен және олардан қорғану жолдары айтылып, бейнеролик көрсетілді.