26
апрель
2024
Жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг» атты тақырыпта жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушыларға құқықтық дәріс оқылды.
26.04.2024 ж Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу болып табылмақ. Осы орайда, Жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында «буллинг», «кибербуллинг» атты тақырыпта жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушыларға құқықтық дәріс оқылды.