03
май
2024
"Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс өткізілді.
Меркі ауданы білім бөлімінің және аудандық полиция бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес 2024 жылдың 3 мамыр күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-11 сынып білім алушыларымен "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа ЖПҚб ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебулан Аятбергенович қатысты. Жиналыс барысында орган қызметкері аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды айта отырып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар, кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, мектепке гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті.