16
октябрь
2023
"Ғаламтор мәдениеті және желідегі жауапкершілік" тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
2023 жылдың 16 қазан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға ғаламторды дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, ғаламтор желісіндегі әртүрлі қауіпті аккаунттар мен сайттар туралы мәлімет беру мақсатында 7-11 сынып білім алушылары арасында "Ғаламтор мәдениеті және желідегі жауапкершілік" тақырыбында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан білім алушыларға бейнеролик көрсетіп, интернеттің пайдалы және қауіпсіздігі жайлы, интернет мазмұны әсерінен болатын проблемаларды түсіндіріп, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін айтты. ДҚТЖО А.Пусырова Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңының 17-бабына сәйкес жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және әлеуметтік желіге таратуға жол берiлмейтіндігі туралы айтып өтті.