05
сентябрь
2022
"Ұл бала мәдениеті" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді
05.09.2022ж. күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушы бойына ізгілік ұялату, кішіпейілділікке, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында мектеп директоры Г Муратованың қатысуымен "Ұл бала мәдениеті" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі,сабаққа қатысуы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстауы керектігі жайлы айтылды. Ер балалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, өнерге, білімге деген құштарлық, өнеге мен намысты азамат болулары туралы сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуі және бала өмірінің қауіпсіздігі туралы түсінік берілді.