17
сентябрь
2021
"Ұл болашағы-ұлт тәрбиесі"
2021 жылы 16 қыркүйек күні ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауыл меценаты, жеке кәсіпкер А.Тайров, "Өркен" балалар шығармашылығын дамыту орталығының үйірме жетекшісі В.Магамедовтың қатысуымен "Ұл болашағы-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 8-11 сыныптың ұлдарымен кездесу өткізілді. Іс-шара ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіздік Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, от басында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Атаулы іс-шараға 26 ұл бала қатысты.