13
октябрь
2023
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
«Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023ж 15 тамыздағы №4 хаттамасына сәйкес, ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде, ДТІЖО С Совет «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылуына байланысты мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» әр аптаның бейсенбі күндері1-4 сынып білім алушылары, 5-8 сынып білім алушылары, 9-11 сынып білім алушылары ата-аналарына берілген тақырыпта тәжірибесі мол, шығармашыл ұстаздардың дайындығымен ата-аналар қауымына сабақ жүргізетін жұмыс тобының құрамы құрылды.