05
март
2021
"Ардақтайық аналарды"
2021 жылы 5 наурыз күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ардақтайық аналарды" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға 9-11 сыныптың аналары Қ.Альпеисова, А.Қонқышева, З.Бадалова, А.Омарова, И.Абишева қатысты.Іс-шара барысында 1-8 сынып білім алушыларының ана туралы айтқан өлең шумақтары, 9 "Б" сыныптың "Түрік" билері, 6 "Б" сынып білім алушылары "Мама", 1 "А" сынып білім алушылары "Ана жаным" әні, 7 "А" сыныбы "Ару қыздар" биі, 5 "Б" сынып "Мама" туралы орындаған әсем әндері көрермендердің де шақырылған қонақтардың да көңілінен шықты. Концерттік бағдарлама ұстаздардың "Ана туралы жыр" әнімен аяқталды.Іс-шара соңында ата-аналар мұғалімдерді, мектеп қызметкерлерінің әйел қауымын көктем мерекесімен құттықтай отырып, алғысын білдірді.