23
сентябрь
2024
«Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба ?» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№ 16 жалпы орта білім беретін метебінде кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес «Өзіңіздің болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба ?» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі. Мақсатымыз: Мамандық таңдаудағы білім алушылардың қызығушылығы мен қабілетін анықтау, қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Сол себепті қазіргі таңда мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беружұмыстары жүргізілуде.
КББП-Нуртаева.Р. А