28
декабрь
2023
«Кәсіпті таңдау мотивтері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі.Егер жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауда түрткілерін оята білсек, оларға нақты оқу орнының жағдайында, сол маман бойынша кәсіптік-техникалық білім беру мен кәсіби бағдар беруге арналған психологиялық кеңестер арқылы олардың мамандыққа деген жағымды көзқарастары қалыптасады. Мотивацияның бұл кезеңдегі негізгі мазмұны оқу және өзін-өзі дамыту әдістерін меңгеру, болашақ мамандығына дайындық ретінде басқа адаммен қарым-қатынасқа түсу формаларын игеру болып табылады. Осы орайда 26-желтоқсан күні , 9-11 сынып білім алушыларының қатысуымен «Кәсіпті таңдау мотивтері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.