Дәстүрлі (штаттық) форматта оқу процесін ұйымдастыру» » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дәстүрлі (штаттық) форматта оқу процесін ұйымдастыру»
08
сентябрь
2021

Дәстүрлі (штаттық) форматта оқу процесін ұйымдастыру»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №444 бұйрығына сәйкес, №16 ЖОББ мектебінде Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөнінде мектебіміздің ДҒӘІЖ орынбасары Алтынбаева Асел Аханқызының және де әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жиналыс өтті. Әрбір тарауға тоқталып, оның ішінде «Дәстүрлі (штаттық) форматта оқу процесін ұйымдастыру», «Қашықтықтан оқытуды қолдана отырып ауырғандармен контактіде болған білім алушылар үшін оқу прцесін ұйымдастыру», «Ақпараттық жүйелер мен электрондық ресурстарға қойылатын талаптар», «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру» атты бірнеше тармақтарға бөлінген тақырыптар бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері өз ойларын ортаға салу арқылы ой алмасып пікір білдірді. Жарты әлемді жайлаған дерттің білім саласына да әкелген зияны орасан екені айтпасақ та белгілі. Осы тұста карантин кезінде орын алған олқылықтардың орынын толтырып, балалардың ынтасы мен жігерін қалыпқа келтіріп, білімге деген құштарлығын ояту ұстаздардың қазіргі таңдағы басты міндетіне айналып отыр. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып білім алушылардың қажетті деңгейде білім алуын қадағалау басты назарды. Осы орайда 3-7 қыркүйек аралығында 2-11 сынып білім алушыларының арасында мектеп әкімшілігінің қадағалауымен балалардың білім деңгейін анықтау мақсатында барлық пәндер бойынша нөлдік бақылау тесттері алынуда. Алынған тесттердің нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып, орын алған олқылықтарды жою мақсатында арнайы жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жасау жүргізілуде. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің алдыға қойған мақсаттары мен міндеттері айқын, олар оқу барысындағы олқылықтардың орнын толтыру, білім алушалардың білігі мен білімінің сапасын арттыру, жаңашылдық пен ізденімпаз оқушыларлға барлық жағдайды жасап, қарастыру болып отыр. Міне нақты қадамдар мен міндеттерді алдыға қоя білген мектеп ұжымы болашақта тек нәтижелі жұмыстардың көп болады деген сенім білдірді
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив