26
август
2021
«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген «2021-2022 оқу жылының басында барлық пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әкімшілік бақылау өткізу» ұсынып отыр. Бақылау нәтижелерінің негізінде оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында әрбір педагогтың және мектептің мақсатты жұмыс жоспары әзірленуде. Шектеу шаралары кезінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша мақсатты шаралар жыл бойы жүргізілуі шарт. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министірінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы бойынша жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бойынша №16 ЖОББ мектебінің директоры Муратова Гулжамал Алметовна карантин кезінде орын алған олқылықтарды ағымдағы жылы жою мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуі тиіс деген мақсат пен міндетті ұстаздарға шегелеп атап көрсетті. Жиын барысында мұғалімдердің жаңа идеялары мен ұсыныстарын ескеріп,зерделеп ,қорытындылап шыққан оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Баубекова Алтынай Курманкуловна ұстаздарымызға зор үміт артатынын жеткізді. Әрбір тарау мен тармақтарға тоқталып өткен бірлестік жетекшілері қолданысқа енгізуге болатын керемет бастамашыл ойларымен бөлісіп, тәжірибе және ой алмасу арқылы жақсы бастамалар көтерді.