Іс-шаралар » Страница 66 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша ақпаратты талдау.
30
декабрь
2020
Қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша ақпаратты талдау.
Ақпан айының жоспарына сәйкес 9-11 сынып білім алушыларының қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу стильдерінде мәтіндер жазу жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған іс-шараның өтілуі талданды.
"Ер есімі-ел есінде!"
25
декабрь
2020
"Ер есімі-ел есінде!"
#16 Жалпы білім беретін мектебінде Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай ғасырдан ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болар ерліктері мен қаламынан шыққан шығармаларын білім алушыларға таныстыру мақсатында мектеп кітапханасында "Ер есімі-ел есінде!" тақырыбында  іс-шара ұйымдастырылды. Бауыржан Момышұлы атамызды жан-жақты танып,өзі айтқандай "Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты" дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақтала бермек.
"Су -тipшілiк көзi "
22
декабрь
2020
"Су -тipшілiк көзi "
N16ЖББ мектеп жанынан  ашылған "Мeйipiм"шағын орталығының  тәрбиешісі Турланкызы Айперинiң тәрбиеленушілерге су туралы түсінік бере отырып,қоршаған ортаны қорғауға,суды ластамауға,  ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында "Су -тipшілiк көзi "тақырыбында экологиялық  ic-шара өткiзiлдi.
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
21
декабрь
2020
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
20.12.2020 ж Педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Баубекованың  ұйымдастыруымен "Педагогикалық идеялар фестивалі" конкурсының мектепшілік кезеңі өткізілді. Конкурсқа 5 мұғалім қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Джасыбаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Смағұлова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.
"Оқушылардың аутодеструктивті және антиритуалды мінез-құлқының алдын алу, зерттеу"
15
декабрь
2020
"Оқушылардың аутодеструктивті және антиритуалды мінез-құлқының алдын
2020 жылдың 10 желтоқсан күні #16 Жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологтары қашықтықтан оқытылуға байланысты ZOOM платформасында Аутодеструкция белгілері , тәуекел факторлары  және осы жағдайларда әрекет ету жолдары туралы педагог-психологтардың мағлұматтылығын кеңейту мақсатында "Оқушылардың аутодеструктивті және антиритуалды мінез-құлқының алдын алу, зерттеу"  тақырыбында онлайн түрінде слайд көрсету арқылы баяндама оқыды. Баяндамашыны тыңдау барысында ауданның педагог-психологтары
"Біз тәуелсіз елдің болашағымыз"
15
декабрь
2020
"Біз тәуелсіз елдің болашағымыз"
N16 ЖББМ-5-6 "А" сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған "Біз тәуелсіз елдің болашағымыз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын өткізу барысында қойылған бейнежазба білімалушыларға Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат бере отырып, Отан сүйгіштікеке және патриотизмге баулу мақсатында өткізілді.
"Абайды оқы, таңырқа!"
07
декабрь
2020
"Абайды оқы, таңырқа!"
"Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы" айлығы аясында білім алушыларды  Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету мақсатында. "Абайды оқы, таңырқа!" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Жол-қауіпсіздік ережелері
04
декабрь
2020
Жол-қауіпсіздік ережелері
2020 жылы 4 желтоқсан күні мектеп инспекторы Е.Тупеков пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова балалардың қыс мезгілінде  көшеде,  көктайғақта  өзін ұстанудың әдіс-тәсілдері , жол-көлік апаттарынан сақтану және  жол-қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
"Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз өмір"
04
декабрь
2020
"Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз өмір"
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Меркі аудандық кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №147 хаты негізінде №16 жалпы білім беретін мектебінде "Әйелдерге зорлық-зомбылықсыз өмір" тақырыбында,  онлайн форматта акция өткізілді.Акцияның мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау.
"Үкілі камшат,бүрмелі көйлек"
03
декабрь
2020
"Үкілі камшат,бүрмелі көйлек"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының"Дəстүр мен ғұрып"жобасы бойынша 5-8 сынып білім алушылар арасында"Үкілі камшат,бүрмелі көйлек" атты тақырыпта көркем еңбек пəнінің мұғалімі Н. Жумалиева танымдық сағат өткізді.Іс-шараның мақсаты: қыз бала тəрбиесінің ерекшелігін түсіндіріп,ұлттық киімдерді насихаттап, отандық өнімге қолдау көрсету.