Іс-шаралар » Страница 70 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мамандықтың бәрі жақсы"
13
февраль
2021
"Мамандықтың бәрі жақсы"
#16 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру апталық аясында атқарылған іс-шаралар жоспары бойынша: 10 ақпан күні "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Жауапты: мектеп психологтары
"ӘР ӨЛЕҢІ - БІР ӘЛЕМ"
13
февраль
2021
"ӘР ӨЛЕҢІ - БІР ӘЛЕМ"
Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына бола бермек! Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл толуына орай #16 жалпы орта білім беретін мектебінде "ӘР ӨЛЕҢІ - БІР ӘЛЕМ" тақырыбында әдеби сазды кеші өткізілді. Жауапты:қазақ  тілі мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері.
Кәсіптік бағдар беру апталық аясы.
12
февраль
2021
Кәсіптік бағдар беру апталық аясы.
#16 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру апталық аясында атқарылған іс-шаралар жоспары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.Сыпатай ауылының тұргыны, жеке кәсіпкері Т.А.Рысбаевтың  пластиктен есік, терезе дайындайтын цехында болып жеке кәсіпкердің жұмысы туралы әңгімесін тыңдады.  Ауыл шаруашылықта, егіншілікте ауыл тұрғындарын  түрлі техникамен қамтамасыз етіп жүрген осы ауылдың тұрғыны, жеке кәсіпкер Э.Касеновтің түрлі техникаларын оқушылар көріп
"Бірлік пен  береке-ынтымақтың алтын  көпірі "
10
февраль
2021
"Бірлік пен береке-ынтымақтың алтын көпірі "
Жастар  ресурстық  орталығының  директоры Дүйсенқұл  Ерболат Жамбылұлының ұйымдастыруымен 9-11 сынып  білім  алушылары және Ақарал, Сыпатай  ауылының  ақсақалдар кеңесінің  төрағалары Бегасилов Толғанбай, Тайров  Айдар  аталарымызбен "Бірлік пен  береке-ынтымақтың алтын  көпірі " тақырыбында ұлтаралық  қарым-қатынасты өзара  түсіністікпен сыйластықты  нығайту  мақсатында  кездесу  өткізілді.
"Тәрбие-тал бесіктен"
09
февраль
2021
"Тәрбие-тал бесіктен"
Ақпанның 9  күні #16 жалпы орта білім беретін мектебінде"Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"атты Назарбаева Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына орай Республикалық дəстүрлі онкүндіктің жоспарына сəйкес 9 сынып білім алушыларымен "Тәрбие-тал бесіктен" тақырыбында кітап көрмесі өтті. Жауапты:Өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі  Бірəлі Н, Байназарова А, мектеп кітапханашысы Ибрагим Ж.
«TIMSS, PISA, TALIS, ICILS, PIAAC  және PIRLS  халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері»
05
февраль
2021
«TIMSS, PISA, TALIS, ICILS, PIAAC және PIRLS халықаралық
Оқушылардың функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында «TIMSS, PISA, TALIS, ICILS, PIAAC  және PIRLS  халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары және зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында 4, 8, 9, 10 сынып білім алушыларымен математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, физика, химия, биология, география пән мұғалімдерінің атқарып жатқан іс-шаралары қаралып, талқыланды.
""Өз балаңа үлгі бол"
05
февраль
2021
""Өз балаңа үлгі бол"
"Өз балаңа үлгі бол" атты тақырыбында бала мен отбасы арасындағы іс-шара өтті.  Бала-басты байлығымыз, ал ең асылымыз оның тәрбиесі.  Бала үйінде көргенін істейді, ата-анасы оған үлгі деген халық даналығы бекерге айтылмайды.Тәрбие мен білімнің алғашқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие.Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді.   "Мейірім" шағын орталығы
"Зорлық-зомбылықсыз әлем"
05
февраль
2021
"Зорлық-зомбылықсыз әлем"
2021 жылы 4-ші ақпан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова мен мектеп психологы А.Байназарованың ұйымдастыруымен  7 "А" сынып білім алушылармен "Зорлық-зомбылықсыз әлем" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: балаларға қатысты әлеуметтік-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда, біздің елімізде арнайы заңның жұмыс атқаратыны жөнінде хабардар ету,  бойларындағы адамгершілік
100"Ән "жобасы
01
февраль
2021
100"Ән "жобасы
100"Ән "жобасы аясында өткізілген кезекті 8"а"сынып білім алушылары Шәмші Қалдаяқовтың "Қайықта"әнін орындады.Ән өз нақышында шырқалды.  Жауапты:Дулатбекова А Әбдрәсілова А
"Анамның ізгі жолы-үлгі"
01
февраль
2021
"Анамның ізгі жолы-үлгі"
8-11 сынып қыздары арасында "Анамның ізгі жолы-үлгі"  іс-шара жоспарына сәйкес "Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу мақсатында "Қызым саған айтамын" тақырыбында сұхбат өткізілді.