04
март
2019
Алғыс айту – парызым
Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді.
Алғыс айту күніне орай №16 жалпы білім беретін мектепте «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған кештің қонақтары: көп балалы ата-аналар, мектептің белсенді ата-аналары және мектеп меценаттары арнайы шақырылып, кеш төрінен орын алды.
Кеш жүргізушілері мектептің озат және білім алушылар арасындағы көшбасшы, бірнеше байқаулардың жеңімпаздары Сүгірбек Ұлмекен мен Бадалов Фейзул. Көздің жауын аларлықтай безендірілген сахнада ең алғаш бұрынғы қиын қыстау кезеңдерінен бейнебаян көрсетілді. Әрине, бұл бейнебаян қазіргі ұрпақтарымызға достығы мен бірлігі жарасқан елде тұрып жатқаны туралы ой салды. Шәріп Мерей мен Ауспекова Алина «Бала тілегі» атты әнді тамаша орындап көпшіліктің көңілінен шықты. Әр ұлттың киімін киіп шыққан білім алушылар әр тілде көпшілікпен амандасып жүрекжарды өлең шумақтарын оқыды. Осы сәтте қонақтарды құрметпен ортаға шақырылып, көрермендерге құттықтау тілектерін жаудырды.
Кеш барысында мектебіміздің көмей дауысты әншілері мен мың бұралған бишілері және жас ақындардың поэзиялары оқылды. Мектеп директоры Мұратова Гулжамал Алметқызының жүрекжарды құттықтауымен кешіміз тамаша көңіл -күймен аяқталды.