19
февраль
2021
«Мектеп өмірінің бір күні»
19 ақпан 2021 жылы мектепті дамытудың жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарының «Мектеп ата-ана көзімен» сауалнамасының қорытындысын талдай отырып, берілген ұсыныстарды іске асыруда жеке тұлғаның оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысын нығайту, қажеттілігіне қарай ата-ана үнін тыңдау мақсатында «Мектеп өмірінің бір күні» жобасы іске асырылды. «Мектеп өмірінің бір күні» жобасында ұйымдастырылған іс- шараларға 1-4 сыныптың белсенді ата-аналары қатысты. Жоба барысында өткізілген тренинг, үйірмелер, пән мұғалімдерінің сабақтары жоғары деңгейде бағаланып, ата-аналар кері байланыстарын білдірді.