29
январь
2021
"Анамның ізгі жолы-үлгі"
"Анамның ізгі жолы-үлгі" іс шара жоспарына сәйкес көп балалы аналар мен олардың ибалы қыздарын қатыстыра отырып , бойынан шыққан үлгісі мен ықпалы арқылы бір-біріне жақын ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Ең сұлу адам-ол менің анам!" тақырыбында көп балалы аналармен кездесу өткізілді. Кездесу соңында қыздарымыз өз аналарының мейірімділікке толы ыстық алақанын сүйіп, бақытты жас ұрпақ екенін сезінді. Ананың бойына жүктелген ауыр жүк-ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы отбасы-береке-бірліктің бірлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Әрқашан да аналарымызды құрметтейік!