24
декабрь
2020
"Бір мезетте кітап оқу"
2020 жылы желтоқсанның 24-і күні №16жалпы білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеті шыңдалған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында кітапханашы Ж.Ибрагим мен 2"А" сыныптың жетекшісі А.Пусырованың ұйымдастыруымен 20 минуттық "Бір мезетте кітап оқу" іс-шарасы өткізілді. Білім алушылар ертегі кітабын жарыса оқып кана қоймай, сонымен қатар оқыған ертегілерін қағаз бетіне түсіріп салды.Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың кітапқа деген қызығушылықтары одан әрі арта түсті.