14
ноябрь
2020
"Жүзден жүйрік"
Жаңалықтың жаршылары "Ізденіс" қоғамдастығының "Жаңартылған білім сапасын арттыратын инновациялық технологиялар" тақырыбындағы іс-шаралар аясында мектебімізде тұңғыш рет ең ауқымды ұлттық жоба "Жүзден жүйрік" интеллектуалды ойыны өткізілді. Жүргізушісі өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Бірәлі Нұрғалым Мұхамеджанұлы. Сайыста білім алушыларымыз қазақ елінің терең тарихын, ұлтымыздың өткені мен бүгінгі жұртымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін өзгелерден озық білетінін дәлелдеу үшін сайысқа түсті. Сұрақты біздің мұғалімдеріміз бен еліміздің әр түкпірінен қандастарымыз тікелей байланысқа шығып қойды. Сайысқа 15 білім алушы қатысты. Ойыншыларды іріктеу барысында электронды каhoot жүйесі қолданылды. Kahoot жүйесінің негізі қатысушылармызды реттік санмен жарыс алаңына даярлау. Оларға қойылатын талаптар: 10 сұрақтың бәрінен жаңылмай өтуі керек, сонымен қатар екі жеңілдік берілді.
Бірінші жеңілдік "Сүрінбейтін тұяқ жоқ", екінші жеңілдік "Жақыныңа жанашыр бол". Бұл жеңілдік барысында қатысушы кез келген досына, туыстарына, отбасына онлайн түрде хабарласуына мүмкіндік берілді. Қатысушылар сол мүмкіндікті пайдаланып қиналған сұрақтарына жауап бере алды. Жобада 70 ұяшықтан тұратын бейне сұрақтар әзірленді. Нәтижесінде білім алушыларымыз І, ІІ, ІІІ орындармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Атап айтсақ І орын 10 "А" сынып білім алушысы Юсупов Алишан, ІІ орын 8 "А" сынып білім алушысы Смат Мадина және 10 "А" сынып білім алушысы Сагинбай Нұрсұлу, ІІІ орын Самат Әсел және Алғыс хаттармен 10 "А" сынып білім алушысы Манапалы Арнат, 9 "Б" сынып білім алушысы Суфиева Лиана, 8 "Б" білім алушысы Алиева Элиф марапатталды.