12
февраль
2024
Меркі аудандық тарихи - өлкетану мұражайына әртүрлі санаттағы білім алушылармен саяхат жасады.
2024 жылдың 9 ақпан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеметтік педагог Б.Намазов, тарих пәні мұғалімі Н.Бірәлінің ұйымдастыруымен Меркі аудандық тарихи - өлкетану мұражайына әртүрлі санаттағы білім алушылармен саяхат жасады. Бұл саяхаттың мақсаты әр түрлі санаттағы балаларға тарихи мәні бар жерлер туралы түсінік беріп, оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай - ақ білім алушылардың бойына ата- бабаларына деген құрметтерін, туып өскен ауылдарының тарихымен танысу болды. Меркі аудандық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат балаларға терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды. Сондай - ақ, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеулері керек екендіктерін түсінді. Балалар өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды.