Жас археологтар үйірмесі » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас археологтар үйірмесі
03
апрель
2025

Жас археологтар үйірмесі

Мектебімізде бүгін 2.04.2025ж. Жас археологтар үйірмесі негізгінде музейдің мәдени-білім беру мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың өз елінің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпаққа адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыру бағытында, білім алушыларымыздың тарихи танымын кеңейту мақсатында, "Өз еліңді таны" тақырыбында тарихи ескерткіштерге, ежелгі Құлан қалашығына саяхат ұйымдастырылып білім алушылармен ежелгі қалашықта дәріс өткізілді. Құлан қалашығы алғаш рет VІІ ғасырдың бірінші жартысына жататын жазба деректерде кездеседі. Қытай тақуасы Сюань-Цзянының қол жазбаларында және Тан династиясының тарихында қала Цзюй-Лань деген атпен аталған. Ол туралы VІІІ-Х ғ.ғ. «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан қалаларды сипаттаған араб авторлары да жазып өткен. Араб тарихшыларының қатарындағы Ибн Хордабек пен Құдама Құланды Тараздан батысқа қарай 14 фарсах жерде орналастырған. Құдама: «... Тараз бен Құланның солтүстік жағында құм, ал оның ар жағында құмды және малта тасты шөл, онда қимақтар шекарасына дейін созылып жатыр» – деп мәлімдесе, әл-Макдиси: «Құлан – бекіністі қала, онда Алқалы мешіт бар. Ол енді бос қалды, ол үлкен Тараз жолында» деп жазған.
XIII ғасырда географиялық сөздіктің авто¬ры Якут өз еңбегінде Құлан: «Құлан – түркі елінің Мәуренахр жағындағы шекара¬сында орналасқан сүйкімді қала». деп жазған.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Құлан қалашығы 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.
[media=
]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив