18
октябрь
2023
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылғандығы туралы айтылды.
2023 жылы 18 қазан күні 1-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылғандығы туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Совет ата-аналарға орталықтың мақсаты мен оның қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мазмұны туралы түсіндірді. Мектеп психологы А. Байназарова ата-аналардан орталықтың тақырыптарымен таныстырып, сауалнама алынды. Сонымен қатар мектеп жанынан құрылған "Даналық мектебі" клубының жұмыс жоспары таныстырылды.