Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім. » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім.
16
март
2023

Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім.

Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Камзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл, яғни күміс қапсырмалар тағылады. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Негізінен, бір түсті қоңыр матадан, ал жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан тігеді. Етегі, әдетте, кең болып келеді. Камзол алдынан түймеленеді. 
Әз-Наурыз мерекеміздің қарсаңында мектебіміздің ұстаздары қазақи нақышта тігілген камзолдар шеруін бастады. Қызыл, көк, қара, сары, сан алуан түсті камзолдар көздің жауын алардай. Қазақ халқы әрқашан да өзінің киім кию үлгісімен ерекшелене білген. Қазіргі таңда сан түрлі камзолдар тігіліп, жастар мен білім алушылардың да киюге деген қызығушылығын арттырып келе жатқандай.  Әрқашан да қазақилығымызды жоғалтпай, ұлттық нақыштағы киімдерімізді киюді әдетке айналдырсақ нұр үстін нұр болмақ. 
🌹🌸🌷💐Наурыз мерекеміз құтты болсын!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив