26
март
2019
Армысың, әз-Наурыз
Наурыз тойы – табиғаттың жаңару тойы екендігін ұмытпаған ел ырымдап киелі Сыпатай ауылында, №16 ЖББМ жанында мектеп ұжымы, білім алушылар, ауылымыздың үлкендері кішкентай бөбектерді жанына алып мерекені қарсы алды. Іс-шара басында мектеп мұғалімдері «Наурыз» әнін орындап шықты.
Сонымен қатар, мектептің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың салт –дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімі өткізілді.
Концертпен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Қазақша күрес», «Қол күресі», «Арқан тарту» ұлттық ойындарын жүргізді.
Іс-шарамыздың соңында мектеп меценаттарының демеуімен ақ дастарқан жайылып, палау пен қазанымызда піскен наурыз көже таратылды. Ауыл тұрғындары өз тілектерін айтып, баталарын берді.