Менің білім беру саласындағы көшбасшылық әлеуетім.
Менің білім беру саласындағы көшбасшылық әлеуетім.
Мектеп директоры – білім беру саласындағы
өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы
негізгі буын болып табылады.
Бүгінгі орта білім беру жүйесі – өте күрделі және жауапты жүйе. Ал білім беру мекемесін басқару дегеніміз - оқушыға сапалы білім беру үшін ұжымның әрбір мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыру, нәтижеге, жетістікке жетелеу. Сондықтан, білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі-білім ұйым басшыларынан басқаруды жаңаша көзқарас және инновациялық қызметті талап етеді.
Басқару - ең алдымен адамдарға басшылық жасау, бүтін жүйенің ішінде және оның жеке бөлімдерінде болып жатқан күрделі үдерістер мен ұйымдастырушылық қатынастарды саналы түрде, нысаналы бағытта, белгіленген мақсатқа жетуге жұмылдыру.
Осы орайда, іс-әрекет пен табандылықтың арқасында жетістік баспалдағы арқылы жоғары сатыға аяқ басуды мақсат ете отырып, басқарудың түрлерін жұмыс барысында үнемі назарға аламын.
Қазіргі таңда мектепті басқарудың екі түрі ұсынылған:
1. Үдерісті басқару
2. Жобалық басқару.
Мен үшін жобалық басқару басымдылыққа ие болып отыр. Жобалық басқару мектептегі өзгерістерді басқару, мектептің өсу динамикасын айқындау, салыстыру, жаңашылдықты енгізе отырып басқару түріне жатады.
Мектептегі білім берудің ағымдағы жағдайына талдау және мониторинг жасай отырып, анықталған проблемаларды жедел түрде жеңу мақсатында «Драйверлік» командалық топ енгізілді.
Драйверлік (командалық) – үздіксіз кәсіби даму, тәлімгерлік үдерістер арқылы әр тұлғаның дамуын қалыптастыруға негізделген функция. Команданың құрамы тез қабылдайтын, шығармашыл, үздік, прогрессивті және креативті ойлайтын жас педагогтардан жинақталған.
Драйвер командасы білім сапасын арттыру үшін 6 басым бағыттарды ұсынды.
- Білім берудің жайлы ортасын қалыптастыру;
- Стратегияны анықтау;
- Кәсіби білікті, білім беруге ынтасы мол, қызығушылығы бар педагогтар ортасын құру;
- Білім алушылардың жеке ерекшіліктері мен қызығушылығын анықтау;
- Білім алушылардың жетістіктерін бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу;
- Нәтижесін үнемі салыстырып отыру (рейтинг ұйымдастыру).
....Нәтижесінде, ата-аналармен «Үштіқ одақ» жұмысын үйлестіру, резервтік топты бастауыш сыныптан анықтау, пән тұрақтылығын сақтау, жүйелі жоспарлау, үздіксіз дайындық, кіші мектепішілік олимпиадалар ұйымдастыру, түрлі сайттағы алдыңғы олимпиада материалдарымен және қатемен жұмыс жүргізу арқылы мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық (мен зерттеуді үйренемін, ғылыми жобалар, пән және зияткерлік олимпиадалар) жүлдегерлерді шығару.
"Жемісті еңбек-жетістік баспалдағы" демекші кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан ұстаздарымыз 2023-2024 оқу жылдарында аудандық байқаудан 42 орын, облыстық байқаудан 8 орын, республикалық байқаудан 3 орын, халықаралық байқаудан 1 жүлделі орынды иеленді.
Үлгілі шәкірт үмітті ақтайды, терең білім мен дарынын көрсете білген оқушыларымыз аудандық байқаудан 52 орын, облыстық байқаудан 20 орын, республикалық байқаудан 58 жүлделі орын иеленді.
Қорыта айтқанда, адам капиталына инвестиция салу – балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, табыс табуға тарту мұндай инвестициялау үшін маңызды мүмкіндік және тиімді технология қажет, ал сол ұстаздарды ортақ мүддеге ұйымдастыра білу-білікті басшының нәтижелі жұмысының жемісі деп білемін.