«Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында семинар
Мектебіміздің педагогтарымен «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – педагогтердің мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдету, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, жас ұрпаққа дұрыс насихаттау жолдарын талқылау. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, авторлары, қабылдану кезеңдері туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті